Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның дәлелді себептермен жұмыста болмаған уақытын есеп- ке алмағанда, теріс қылық аныкталған күннен бастап - үш айдан кешіктірілмей және теріс кылық жасалған күннен бастап бір жыл- дан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін. Жоғарғы түрған сот инстан- циясының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған сот актісі заң- ды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңды- лықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осын- дай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі. Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға тиіс. Сот жюриі тәртіптік іс бойынша, сондай-ақ кәсіби біліктілі- гіне күмән келтірілген судьяға қатысты материалдарды қарау ке- зінде: 1) заңда көзделген тәртіптік жаза қолдану туралы; 2) тәртіптік іс жүргізуді тоқтату туралы; 3) судьяның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы; 4) судьяның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау (судьяны оқуға жіберу, судьяға тәлім- герлік белгілеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйым- дастыру және басқа) туралы; 5) судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазы ­ мына сәйкес келмейтіні туралы шешімдердің бірін шыға- рады. Сот жюриінің шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының төрағаны, сот жюриінің төрағасын және судьяны лауазымнан босату туралы тиісті үсынуды Жоғары Сот кеңесіне енгізуіне негіз болып табы- лады. Жоғары Сот кеңесінің төрағаны, сот жюриінің төрағасын және судьяны лауазымнан босатуға үсыным беруден бас тартуы Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жоюға және оны қайта қа- рауға негіз болып табылады. Судьяның тәртібі мінсіз болған же ­ не ол өз міндетгерін адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын алуы мүмкін. Сот жюриінің негізгі мақсаты сот жүйесін нығайту, соттар мен судьялардың жауапкершілігі мен тәртібін арттыру, сот тө- релігін жүзеге асыру сапасын жақсарту болып табылады. Сот жюриінің өкілеттігі оның сот қауымдастығындағы ерекше орнын 85

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==