Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Сот жюриі жүмыс істеген уақытта оның мүшелері қолда- ныстағы заңнамаға сәйкес, отырыс өткізілетін жерге іссапарға жіберіледі және басқа міндеттерді атқарудан босатылады. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы матери- алдарды Сот алқасында қарау үшін, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша көрсеткіштері темен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты матери- алдарды Сот жюриіне беру туралы облыстық немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының шешімі негіз болып табылады. Сот жюриі отырысында материалдарды қарау кәсіби біліктілігі күмән туғызатын судьяның міндетті түрде қаты- суымен өткізіледі. Кәсіби біліктілігі күмән туғызатын судья дәлелді себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриінің отыры- сына қатысуына объективті кедергі келтірген өзге де мән-жай- лар) Сот жюриінің отырысы кейінге қалдырылады. Судья Сот жюриінің отырысына келуден бас тартқан кезде материалдарды қарау оның қатысуынсыз өткізіледі. Кәсіби біліктілігі күмән ту- ғызатын судьяның іс жүргізудің мәнісі бойынша түсініктемелер беруге, қажетті материалдарды үсынуға қүқығы бар. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері болаты- ны, егер ол сот істерін қарау кезінде зандылықты бұзғаны анық- талса, судья әдебіне кайшы келетін теріс қылык жасаса еңбек тәр- тібін өрссксл бұзса, тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сот төрағалары және соттардың сот жюриінің төрағалары заңда көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ескерте кететін нәрсе, сот актісінің күшін жою немесе өзгерту, егер бүл орайда заңды өрескел бүзуға жол берілмеген және ол туралы жоғары түрған сот орнының сот актісінде көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды. Судьяларға тәртіптік жаза ретінде ескерту; сөгіс; қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот жюриінің төрағасы қызметінен босату; конституциялық заң- да көзделген негіздер бойынша судья қызметінен босату түрлері қолданылуы мүмкін. Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек бір тәртіптік жаза қолданылады. 84

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==