Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамты- лымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазы- мы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет ту- ралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Әркімнің сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында, жүмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін алқалы орган ретінде Жо- ғары Сот жанынан Сот жюриі құрылып, жүмыс жасай бастаған болатын. Сот жюриі жүмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылы- ғын анықтау, судьяның орнынан түсу және оны тоқтату күқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәр- тіптік істерді қозғау туралы мәселені қарайды. Сот алқасы он бір мүшеден - аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық сот- тардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың бес судьясынан тү- рады. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі және оның жұмысын үйымдастыру, сондай-ақ Сот алқасында материалдарды, тәртіп- тік істсрді қарау тәртібі Қазақстан Рсспубликасының Президенті бекітетін Ережемен айқындалады. Сот жюриінің мүшелері өз қызметінде тәуслсіз және тек Қа- зақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Рсс- публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазакстан Республикасының Конституциялық заңына және осы туралы Ережеге бағынады. Сот жюриінің мүшесі өзіндегі іс мате- риалдары, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпа- рат беруге хакылы емес. Сот жюриінің күрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Со ты Төрағасының ұсынуы бойынша жұмыс істеп жүрген судьялар- дың, сондай-ақ орнынан түскен судьялардың катарынан балама негізде жасырын дауыс беру арқылы үш жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы сайлайды. Сот жюриі қүрамы өз мүшелсрінің қатарынан көпшілік дауыспен Сот жюриінін, төрағасын сайлайды. Сот жюриінің оты- рыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде бес мүшесі қатысқан жағдайда қүқылы болады. 83
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==