Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдасгыры- луы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкілеттік мсрзімінің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот жюриінің төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орнала- суға келісім бермесе; 11) судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазы мына сәйкес келмейтіні туралы, судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе занда көрсетілген талап- тарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қа- жеттігі туралы Сот жюриінің шешімі; 12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы. Судья лауазымынан босату туралы шешім Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парла мент! Сенатының қаулысымен; ал Жоғарғы Соттың сот алқалары- ның төрағаларына, жсргілікті және баска соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Казак- стан Республикасы Президентініц Жарлығымен қабылданады. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зей- неткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот кеңесінің ке- лісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рүқсат етеді. Судья лауазы мында болуға оның шекті жасқа - 65 жасқа толуына дейін жол бе- ріледі, бүл айрықша жағдайларда заңда көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мсрзімге ұзартылуы мүмкін. Отставка токтатыла түрған немесе токтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жүмыс өтілі бар, «Қа- зақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыккан судьяға судьяның соңғьт аткарған лауазы- мы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді. Он бес жылдан асатын судьялык жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьянңң соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлыкакысының бір пайызына ұлғайтылады. 82
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==