Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
- судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса; - судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе; - белгілі жағдайда судьяның өкілеттіктерін тоқтату қа- жеттігі туралы Сот жюриінің шешімі болса; - басқа жұмысқа ауысса; - судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, токтатыла тұрады. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды егер Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты болса, оны Қазақстан Республикасының Президенті, ал республиканың қалған барлық судьяларына қа- тысты болса, Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады. - Судьяның өкілеттігі тоқтатыла түрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот жюриінің төрағасы лауазы- мындағы өкілеттігі токтатыла түрады. - Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өті- ніш берген кезде оның окілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла түрады. Егер судьяның өкілеттігін тоқтата түру туралы шешім қабыл- дауға негіз болған мән-жай жойылса, судьяның өкілеттігі қалпына келтіріледі. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкі- леттіктерін тоқтату негіздері: 1) судьяның орнынан түсуі; 2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы; 3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы; 4) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүр- леу шараларын қолдану туралы сот шешімінің күшіне енуі; 5) осы судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы; 7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны кайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің занды күшіне енуі; 8) судьяның басқа лауазымға тағайындалуы және оның бас ка жұмысқа ауысуы; 9) соттың таратылуы немесе соттың қайта үйымдастыры- луы, судьялар санының азайтылуы, егер басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе; 547-6 81
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==