Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
мен тұрақты қызметке тағайындалады, тәуелсіздігін Конституция мен заң қорғайды. Судьяның ауыстырылмайтындығы, тәуелсізді- гі мен оған ешкімнің тиіспеуі сот билігі дербестігінің кепілі бо- лып табылады. Судьяның осындай биік мәртебесі оған жүктелген жоғары жауапкершілікке байланысты. Оның шығарған шешімі адамның тағдырына, әл-ауқатына, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайына ықпал етеді. Сот билігінің негізгі мақсаты қоғамның мүшелерін кез кел- ген бассыздықтан қорғау, яғни, азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргіз- бей, мемлекет құкықтық деп есептелінбейді. Сондықтан, сот тө- релігінің әділеттілік қағидаты толық деңгейде кызмет етуі тиіс. Бұл жолда мемлекеттік биліктің, оның ішінде сот органдарының сыбайлас жемқорлық дертінен аулақ болуы талап етіледі. Және сот лауазымына таңдап алынған адамдардың адами қасиеті мен қабілеті, сондай-ақ, құқық саласындағы даярлығы мен біліктілігі міндетті түрде жоғары болуға тиіс. Сонымен қатар, судьяға белгілі бір өнегелік талаптар да қойылады, ол Занда көрсетілген. Мысалы, судья: Казахстан Рсс- публикасының Конституциясы мен заңдарын мүлтіхсіз сақтау- ға; сот төрелігін жүргізуге байланысты өзінің конституциялық міндетін атқарғанда, сондай-ақ қызметтен тыс қатынастарда сот этикасының талаптарын сақтауға және судьяның беделін түсіре- тін немесе оның әділеттілігіне күмән келтіретін жайлардан ау лах болуға; өзінің сот төрелігін жүзеге асыру қызметіне қайсы біреудің заңсыз араласу ниетіне қарсы түруға; судьялар кеңесінің қүпиясын сақтауға міндетті. Судьяның өзінің жүргізуіндегі іс бойынша кез келген форма- да алдын ала пікір айтуына жол берілмейді. Судья нақты іс бо йынша өз пікірін тек кеңесу бөлмесінде айтады Соттар мен судьялардың жауапкершілігі мен тәртібін арт- тыру, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мақсатында занда судьялардың тәртіптік жауапкершілігі белгіленген. Заңда судьяның өкілеттігін тоқтата туру белгіленген, егер: - судья Казахстан Республикасының Президенттігіне, Ка захстан Республихасы Парламентінің немесе мәслихаты- ның депутаттығына кандидат болып тіркелсе; 80
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==