Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының лауазымдары- на кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адам- дарға басымдық беріледі. Жоғарғы Соттың сот жюриінің төрағасы лауазымына канди ­ дат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады. Жоғары Сот кеңесі жергілікті және баска да соттар төрағала- рының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқала- ры төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсы- ным жасайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандида- тураны Жоғары Сот кеңесі қарайды. Жоғары Сот кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қа- зақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының судъяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. Жергілікті жэне баскр соттардың судьяларын Жоғары Сот ке- ңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Пре ­ зидент! тағайындайды. Жергілікті және басқа соттардың сот ал- қалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төраға- ларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот кеңесінің ұсы- нымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Жогаргы Соттың Торагасын Жоғары Сот кеңесінің ұсыны- мына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсы- нуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды. Жергілікті жэ ­ не басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот кеңесінің кепілде- месі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды. Жергілікті жэне баска соттардың төраға- лары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төраға- сы мен сот алқаларының төрағалары өкілеттік мерзімі аяқталған- нан кейін, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиісті соттың судья- сы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады. 77

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==