Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
оған медициналық куәландыру жүргізіледі. Судьяның кәсіби мін- деттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Жоғар- ғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйым- дастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және денсаулық сақтау саласында- ғы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Соттың судьясы, төрағасы, сот жюриінің төрағасы лауазымы- на кандидаттарды іріктеуде судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және үлтқа жа- татынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең қүқық қамтамасыз етіледі. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және жоғарыда көр- сетілген Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады. Жоғары Сот кеңесі конкурстың нәтижелсрі бойынша жергілік- ті және баска соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республи- касының Президентіне ұсынады. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураны тиісті облыстык соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген үсыну бойынша Жоғары Сот ке- ңесі баламалы негізде қарайды. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төраға- ларының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Тө- рағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот кеңесі баламалы не- гізде қарайды. Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидату- ралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемінде бес жыл жүмыс өтілі бар адамдардың ара сынан ұсынылады. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағала- рының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жүмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемінде он жыл жүмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады. 76
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==