Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғы- лыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де акы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзе- ге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің қүрамына кірумен сыйыспайды. Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір са- яси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды. Аудандық соттың судьясы болып: 1) жиырма бес жасқа толған; 2) жоғары заң білімі, мінсіз беделі және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар; 3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған ма- гистратурада оқуды бітірген және онда біліктілік емти ­ ханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады); 4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жок- тығын растаған; 5) сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалны отырысының оң пікірін алған (мамандандырылған магистратурада окуды бітірген және онда біліктілік емти ­ ханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады) Казак- стан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін. Жоғары аталған талагітармен қоса заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жумыс өтілі немесе кемінде бес жыл судья- лық жүмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы оты- рысының қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады. Ал заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде он жыл судьялық жүмыс өтілі бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады. Судьялыққа кандидаттар түрақты негізде сотта тағылымда- мадан өтеді. Судьялыкқа кандидаттың тағылымдамадан өту шар- ты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін 75

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==