Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
тамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға мін- детті. Судьяға және оның мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі. Қылмыс үстінде үстап алынған ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Жоғары Сот кеңесі- нің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тар- мақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Пар ламент! Сенатының келісімінсіз үстап алуға, күзетпен үстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімсн қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапты- лыққа тартуға болмайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа де- йінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Су дья қылмыс үстінде ұстап алынған ауыр немесе аса ауыр қыл- мыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республика сы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірак бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастыры- луы мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шара- лары мен жасырын тергеу эрекеттері Қазақстан Республикасы- ның заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен жүргізілуі мүмкін. Судьяға мынадай талаптар қойылады. Судья Қазақстан Рес- публикасының Конституциясын және зандарын бұлжытпай сак- тауға, судьяның антына адал болуға; сот төрелігін іске асыру жө- ніндегі өзінің конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай- ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақ- тауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылы- ғына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттеріне қарсы тү- руға; судьялар кеңёсінің құпиясын сақтауға міндетті. 74
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==