Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғала- ды. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана ба- ғынады. Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға жә- не судья мен алқа заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құкығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Судья қарал- ған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің қүпиясы бар- лык жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесі бірдей және олар бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ерек- шеленеді. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сот тө- релігін іске асыру жөніндегі өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін түракты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа карсы күрес, заңдылық пен қүқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық қүрылымдардың күрамына енгізуге болмайды. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөл- шерде республикалык бюджет қаражатыньщ есебінен жүргізіледі Судьяның тәуелсіздігі сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен; судьяның сот төрелігін іске асыру жөнінде- гі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьялар ­ ды сыйламағандық үшін заңда жауаптылык белгілеумен; судьяға ешкімнің тиіспеуімен; Конституцияда және осы Конституциялык заңда белгіленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судья- ның өкілеттігін тоқтату және тоқтата түру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құкығымен; судьяларға мемлекет есебінен олар- дың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеу- меттік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы камтамасыз етіледі. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады. Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мү- шелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын кам- 73

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==