Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
5-тарау СУДЬЯЛАРДЫҢ КОНСТИТҮЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 5.1. Судьялардын құқықтык мәртебесінің ұғымы. Судьяны қызметке тағайындау гәртібі Судьяның құқықтық мэртебесі дегеніміз - судьяны қызмет- ке тағайындау ережесін, қызметтен босату ережесін, тәуелсіздігі- нің әлеуметтік және қүқықтык кепілдіктерін, судьяға қойылатын талаптарды, оның жауапкершілігін, сондай-ақ құқықтары мен міндетін қамтитын кұқықтық ережелер жиынтығы. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 ж. 25 желтоксандағы № 132-11 Консти- туциялық Заңында бекітілген. Судьялардың құкықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конститупиясымен, осы Конститу- циялық заңмен және өзге де зандармен белгіленеді. Бұл бап 2014 жылы 11 шілдеде толықтырылып, халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына орналасу қүқығы берілді, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылып және орнынан түскен кезде ескерілетін болды. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халы- қаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдік- тер қолданылады. Судьялар қызметке Қазакстан Республикасының Конститу- циясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады не- месе тағайындалады және түрақты негізде өкілеттіктерге ие бо- лады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгіле- ген тәртіппен куәлік беріледі. Судьялардын өкілеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де зандарыида көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла түруы мүмкін. 72
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==