Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етуші жә- не жалпы отырыстың хатшысы қол қояды. Жалпы отырыстың қызметін қамтамасыз ету жүктелген уәкілетті органның тиіс- ті кұрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік қызметшілері ішінен белгіленген тсхникалық хатшы жалпы отырыстың хаттамасын жүргізеді. Жалпы отырыс барысында төрағалық етуші: отырыстың жалпы барысын басқарады, осы регламенттің сақталуын бақылайды; кезектілік тәртібімен, күн тәртібіне, осы регламенттің талап- тарына сәйкес не жалпы отырыстың шешімімен белгіленген өзге де тәртіппен сөйлеу үшін сөз береді; әрбір ұсынысты келіп түсуіне қарай дауысқа салады; ашық дауыс беруді және дауыстарды санауды үйымдастыра- ды дауыс беру нәтижелерін жариялайды; жалпы отырыстың жұмысына кедергі келтіретін шақырылған адамдарды, оларға ескерткеннен кейін отырыс залынан шығарту- ға қүқылы. Жалпы отырыстың қаулылары, оның ішінде нормативтік қаулылар Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санынан ашық дау ыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Кадр және өзге де мәселелерді қарау кезінде дауыс беру жа- сырын өткізілуі мүмкін. Бақылау сүрактары: 1. Сот жүйесі дегеніміздің үғымы не, ол қай заңдарда бекітілген? 2. Алқабилердің қатысуымен сот ісі қалай жүргізіледі? 3. Жоғарғы Сот құрамы қалай, онын жалпы отырысында қандай мәселелер карал ады? 71
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==