Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
рының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына каидидатураларды қа- райды жәие тиісті корытындылар шығарады, кадр резер- віне алынған адамдардың тізімін бекітеді; жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялык кеңестің құрамын бекітеді, сондай-ак жасырын дауыспен Сот алқасын сайлайды; - сот төрелігін іске асыруының сапасы томен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол бер- ген судьяға қатысты материалдарды Сот алқасына беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытынды- лары бойынша тиісті шешім шығарады; Сот жюриінің мүшелерін босату туралы мәселені шешеді; - судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді; - Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регла- ментін бекітеді; - Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультивтік кеңес ту ралы ережені және оның құрамын бекітеді; - заңда көзделген баска да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Жоғарғы Сот Төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьялары құрамында әрекет ете- ді және Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының кемінде үш- тен екісі болған жағдайда қүқылы болады. Нормативтік қаулыларды қабылдаған кезде жалпы отырысқа Конституциялық кеңестің Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет ми нистр!, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және баска да тұлға- лар шақырылады. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы жылына кемінде екі рет шакырылады. Жалпы отырыстың нормативтік қаулыларды қа- былдау бойынша жүмысы бір жылға жоспарланады, сондай-ақ екі жылға арналған перспективалық жоспары жасалады. Жоспар- ға енгізілетін ұсыныстарды Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алка- ларының төрағалары және судьялары, Бас Прокурор, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары бере алады. Жалпы отырыс Жоғарғы Сот Төрағасының төрағалық етуімен жүргізіледі. ' 70
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==