Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Жоғарғы Соттың органдары 1) жалпы отырыс; 2) жалпы отырыстың төралқасы; 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы; 5) мамандандырылған сот алқасы болып табылады. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы қүрылады. Жогаргы Соттың жалпы отырысы Қазакстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйксс жалпы отырыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының органы болып табылады. Оның мәртебесі, қүзыреті, отырыстарды өткізудің шарттары мен тәртібі, Жоғарғы Сот Төра- ғасының, жалпы отырыс хатшысының өкілетгігі, жалпы отырыс- қа сұрақтарды дайындау рәсімі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңмен, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот кеңесі тура лы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Сот алқасы туралы ережемен» және осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының регламентімен анықталады. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы: - Жоғарғы Сот Төрағасының үсынуы бойынша тиісті сот жюриінің сандық және дербес қүрамын белгілейді; - сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытынды- лары бойынша республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды; - нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәсе- лелері бойынша түсіндірмелер береді және заңнаманы же- тілдіру жөнінде үсыныстар енгізеді; - Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйым- дық және материалдык-техникалық қамтамасыз ету жө- ніндегі уәкілетті орган басшысының, Сот алқасы төраға- сының ақпаратын тыңдайды; - Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды береді; - облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағала- 69
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==