Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
КІРІСПЕ С от және құкық қорғау органдары жеке бастың, қоғам- ның және мемлекеттің қүқықтары мен занды мүдде- лерін қорғайтын мемлекеттің тетіктерінде, өздерінің нақты міндеттері мен функцияларын атқаруда маңызды рөл ат- қарады. «Сот және қүкық қорғау органдары» курсы қарапайым сөз- бсн айтқанда, басқа заң саласындағы пәндерді оку алдындағы кіріспе пән болып табылады және олармен үздіксіз байланыста болады. Қүқық қорғау және қүқык қолдану қызметін жүзеге асы- ратын соттың, прокуратураның, адвокатураның және өзге орган- дардың жүмысы жайлы хабардар болмай тұрып, студентке және оқырманға басқа зандық пәндерді түсіну, әрі қарай қылмыстық іс жүргізудің, азаматтық іс жүргізудің, қылмыстық атқарудың, қар- жылық және баска да қүқық салаларының мәні мен мазмұнын үғыну қиынға түседі. Сот және қүқық қорғау органдарын қалыптастырудағы, ұйым- дастырудағы және оның қызметіндегі ерекшеліктер осы оқулықта зерделенетін пән. Бүл органдардың қызметі қүкықтық норматив- тік актілермен белгіленген. Сондықтан осы курсты жаксы мең- геру үшін көптеген заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қамтитын деректемелерді оқуға тура келеді. Кітапта сот билігі үгымын ашуга, республика соттарының қызметі негізін қүраған қағидаттарға және оны орындаудың бас- ты формасы - тек сот жүзеге асыратын әділ сотқа басты назар аударылған. Мемлекетіміздің кұқықтық саясатының негізгі бағыттарын әрі қарай белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Прези- дснтінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N858 Жарлығымен 2010 - 2020 жж. кезеңіне арналған жаңа Қазакртан Республикасының қуқықтық саясатының тужырымдамасы бекітілген. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңта- рындағы Қазащстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мудде, бір болашақ» атты Казахстан халкріна Жолдауында: «Сот жүйесі 6
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==