Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Алқабилер қатысатын соттың завды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қылмыстық процестік Кодексінің 50-тарауында көзделген қағидалармен ай- қындалады. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және кылмыс- тық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді. Апелляциялық саты сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған іс-әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің Жалпы және Ерекше бөліктерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жазаны азайтуға қүқылы. Бүл ретте апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық занды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күіпейтуге қүқы- лы емес. Алқабилердің катысуымен шығарылған үкімнің күші Қыл- мыстық процестік Кодексінің 662-бабында көрсетілген негіздер бойынша істі үкім шығарған сотқа, бірак өзге қүрамда жаңа сот талқылауына жібере отырып, толық немесе бір бөлігінде жойылу- ға жатады. 4.3. Қазақсганның Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты - мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табы- лады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәсе- лелер жөнінде түсінік береді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында еліміздің Жоғарғы Сотының өкілеттіктері айқын көрсе- тілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қүрамы соттың Төрағасынан, алқа төрағаларынан және судьялардан түрады. 68
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==