Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

беру кезінде қалыс қалуға құкығы жоқ. Судья мен алқабилсрдің дауыстары тең. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша сот- тын мөртабаны басылған, дауыс беруге арналған таза бюллетень- ді алады, онда жауап беругс арналған толтырылмаған бағандары бар бірінші сүрақ және мынадай: «Өзімнің абыройым, ар-ожда- ным бойынша және ішкі нанымым бойынша менің түйінім...» деген сөздер болады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, сұрақ парағында қойылған және шешілуге жатагын әрбір сұраққа бюллетеньте жауап жазады. Жауап міндетті түрде жауаптың мәнін ашатын («иә, дәлел- денді», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кінәлі», «жоқ, кінәсіз») түсіндірме сөзі немесе сөз тіркестері болатын мақүлдаған «иә» немесе құптамаған «жоқ» дегенді білдіруге тиіс. Судья мен алка- билер өз бюллетеньдерін дауыс беруге арналған жәшікке салады. Алқабилер сұрақ парағында қойылған сүрақтардың әрқайсысы бойынша да сол тәртіппен рет-ретімен дауыс береді. Қойылған сүрақтардың ішінен бір-бірден белек дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетеньдегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сүрақ парағында көрсетілген негізгі үш сүрақтың әрқайсысының түсына дерсу жазады. Алкабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қыл- мыстық істе сакталатын конвертке салынып, желімделеді. Үкімді төрағалық етуші Қылмыстық процестік Кодексінің 46-тарауында белгіленген тәртіппен, мынадай ерекшеліктерді сс- кере отырып шығарады: 1) үкімнің кіріспе бөлігінде алқабилердің тегі көрсстілмейді; 2) ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде алқабилер қаты- сатын сот ақтау кесімін шығарған айыптаудың мәні жазылады және кесімге сілтеме болады; 3) айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық іс-әрексттің сипат- тамасы, жасалған іс-әрекеттің саралануы, жаза тағайындаудың уәждері және соттың азаматтық талап қоюға қатысты шешімінің негіздемесі болуға тиіс; 4) үкімнің қарар бөлігінде үкімге шағым жасау және наразы- лық білдіру тәртібі туралы түсінік қамтылуға тиіс. Үкімге іс бойынша төрағалық етуші қол қояды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==