Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
салқы екі алқаби алқабилердің орындығынан өздері үшін арнайы бөлінген орындарға отырады. Егер сот талқылауы барысында, бірақ алқабилер мен судья кесім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін алқабилердің қайсыбіреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтыны неме- се төрағалық етушінің оны сот отырысына қатысудан шеттеткені аныкталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқа- бимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилерді қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкіндігі таусылған жағдайда, төра- ғалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын Қылмыстық процестіқ Кодексінің 638-ба- бына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала тандау кезеңіне қайтарады. Алқабилер алқасы қүрылып болғаннан кейін сот отырысы- ның төрағалық етушісі немесе хатшысы сот отырысының за- лында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды үсынады. Төрағалық етуші алқабилерге ант қабылдауды ұсынып, өтініш жасайды. Төрағалық етуші алқабилерге олардың күқықтарын, міндет- терін және олардың әрекеттеріне істі қарауға байланысты қойылатын шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді бұзу мен шектеулерді сақтамаудың салдарлары туралы ескертеді. Сот тергеуі аяқталғаннан кейін алқабилер қатысатын сот та- раптардың жарыссөзін тыңдауға көшеді. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзі екі бөліктен түрады. Жарыссөздің бірінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен түрады, олар сотталуіпының бұрынғы сотталғандығын ес- ке салмай, оның кінәсінің дәлелденгені немесе дәлелденбегені жөніндегі өз үстанымдарын баяндайды. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уакытында алқаби- лер сот отырысы залынан шығып кетеді. Тараптар сұрактардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертулерін айтуға және жаңа сүрақтар қою туралы үсыныстар енгізуге кұ- қылы. Төрағалық етуші сот тергеуінің нәтижелерін, тараптардың жарыссөзін ескере отырып, судья мен алқабилердің кеңесу бөл- 547-5 65
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==