Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Егер сотталушы өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтінішхатын растаса, онда судья осы өтінішхатты қа- нағаттандыру туралы шешім қабылдайды, бұл ретте басқа сотга- лушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы мәлімдеген басқа өтінішхаттарды қарауға көшеді. Судья істі алқабилер катысатын соттың қарауына тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот отырысыньщ хатшысы- на саны қаулыда көрсетілген алқабиге кандидаттарды алқабиге іріктеу үшін олардың сот отырысына келуін қамтамасыз ету ту ралы өкім береді. Баеты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің өкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге канди даттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді. Бір сол адам сот отырыстарына алқаби ретінде жылына бір реттен артық қа- тыса алмайды. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттар ды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін олардың тегі, аты, әкесінің аты және үйінің мекенжайлары көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды. Егер сотка шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесінен азы келсе не олардың кейбірін сот талқылауына қатысу- дан босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші судья өздігінен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейін олар он жетіден азайып қалса, төрағалық етуші сот отыры- сының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы өкім береді. Сотта істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамдағы (ал- қабилер алқасының құрамын құрайтын) он және қосалқы екі ал- қаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі кұрамына алқабилердің орындығында олар- ға бөлінген орындарға жеребе тастаумен айқындалған тәртіпке сәйкес отыруды ұсынады. Алқабилердің орындығы сот отырысы залында қатвісып отырғандардан бөлек болуға және, әдетте, сот- талушылардың орындығына қарама-қарсы орналасуға тиіс. Қо- 64
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==