Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Аудандық соттың төрагасы судья болып саналады және ол судья міндетіне қоса: сотта судьялардың істерді қарауын ұйым- дастырады; сот кеңсесіне жалпы басшылық жасайды; азаматтар қабылдайды; судья қызметіне үміткерлердің тағлымдамадан өт- уін ұйымдастырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сот этикасы нормаларын сақтау жұмыстарын қамтамасыз етеді; өкімдер береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстык, және оларга теңестірілген соттарды уәкілет- ті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген үсынысы бо- йынша Қазақстан Республикасының Президенті қүрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Облыстық соттардағы судьялар- дың жалпы санын ҚР Президенті уәкілетті органның үсынысы бойынша бекітеді. Әр облыстық сот үшін судьялар санын уәкі- летті орган сол сот төрағасының үсынысы негізінде анықтайды. Облыстык сот төрағадан және судьялардан түрады. Облыстық сотта сот алқалары қүрылады. Облыстық соттың органдары болып мыналар табылады: 1) жалпы отырыс; 2) жалпы отырыстың төралқасы; 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сот алкасын Конституциялық заңда белгіленген тәртіпте та- ғайындалған төраға басқарады. Сот алқасының сандық және пер- соналдық қүрамы облыстық сот төрағасының үсынысы бойынша облыстық соттың пленарлық отырысында белгіленеді. Облыстык сот қажеттілігіне карай, бірақ жылына кемінде екі рет пленарлық отырыс өткізеді, онда: тиісті сот алқасының саидық және персоналдық қүрамын бел ил ейді; облыстық соттың төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тындайды; сот практикасын жинақтап қорытады және сол қорытудың нә- тижесі бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыру ке- зінде заңдылықты сактауы мәселесін карайды; облыс соттарына әкімгер қызметіне адамдар тағайындауға уәкілетті органға келісім береді, облыс соттары әкімгерінің өз қызметі жөніндегі есебін тындайды; 61
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==