Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

да - 18 401. Соттар сот жүйесінің ашықтығын арттыруға бағыттал- ған 3 мыңға жуық іс-іпара (баспасөз конференциялары, брифинг- тер, «ашық есік күндсрі» және т.б.) үйымдастырып, өткізді. Есспті кезең аралығында республикалық және өңірлік телеарналарда 45 имидждік бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды. 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы- ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Консти- туциялық заңына сәйкес соттар өздерінің іс жүргізу құзыретіне қарай бірінші инстанция соты, екінші инстанция соты және қада- ғалау инстанциясы соты болып бөлінеді. Жергілікті соттарга: облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасыныц қалалық соты, республикалық дәрежедегі қалалар- дың қалалық соттары); аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, аудана- ралык) жатады. Қазақстан Республикасында басқа да соттар, мысалы, маман- дандырылған соттар (әсксри, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқадай) соттар қүрылуы мүмкін. Мамандандырылған соттарды ҚР Президенті облыстық немесе аудандық соттың мәртебесін беріп құрады. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіпте қарауды судья- ның жеке өзі жүзеге асырады. Істерді қадағалау тәртібіиде қарауды қүрамында кемінде үш судья бар сот жүзеге асырады. Аудандық және оларга теңестірілген соттарды Қазақстан Республикасының Президенті қүрады, қайта үйымдастырады жә- не таратады. ҚР Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтык бөлініс- те бір аудапдық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бөліністе бір- неше аудандық сот қүра алады. Аудандық соттардағы судьялардың жалпы санын ҚР Прези ­ дент уокілетті органның ұсынысы бойынша бекітеді. Әр аудан- дық сот үшін судьялар санын уәкілетті орган сол сот төрағасы- ның ұсынысы негізінде анықтайды. Аудандық сот төрағадан және заңда белгіленген тәртіпте тағайындалатын судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья карастырылса (бір қүрамды сот) ол осы соттың төрағасының да міндетін атқарады. Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады. 60

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==