Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Республикада сот төрелігін жүзеге асырудың тек бір жылда (2014 ж.) ғана атқарған жұмысының көлемін мына статистикалық деректерден көруге болады: 2014 жылы республиканың аудандық және оған теңестірілген сотгарына барлығы 1 221 011 арыз бен іс, соның ішінде 761 533 азаматтық, 415 600 әкімшілік және 43 878 қылмыстық іс келіп түсті. Барлығы 1 097 953 істі жүргізу аяқталды. Баламалы тәсіл- дер қолданыла отырып, шешім шығарылып, аяқталған азамат- тық істердіц саны 13 747 істі құрады. Соның ішінде 8 657 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалды, 5 090 іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды. Осылайша, медиаторлардың қатысуымен қаралған азаматтық істердің саны 4 есеге көбейді. 2014 жылы 43 794 қылмыстыц іс аяқталды, бүл 2013 жылғы көрсеткіштен 7,7%-ға томен. Үкім шығарылып, 25 557 адамға қа- тысты 20 573 қылмыстық іс қаралды. Барлығы 25 079 адам сот- талды, соның ішінде 9 690 адам немесе сотталғандардың жалпы санының 38,6%-ы бас бостандығынан айырылды. 9 680 адамға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайын- далды, 4 570 адам шартты түрде сотталды. Сотталғандардың ішінен кәмелетке толмағандардың саны 35,9%-ға азайды. Есепті кезең ішінде алқабилердің қатысуымен қаралған істердің саны заңңаманың өзгеруіне байланысты 67,2%-ға азайды. Үкім шыға- рылып, 121 адамға қатысты 64 іс қаралды. 3 адам ақталды. Соттар қамауга санкция беру, қамау мерзімін үзарту, қамау түріндегі бүлтартпау шарасының күшін жою және өзгерту тура ­ лы 16 544 өтінішхатты карады, оның ішінде 15 877 өтініш хат немесе 96%-ы қанағаттандырылды. Жалпы республика бойынша қабылданған сот актілерінің 98,7%-ы заңды әрі негізді деп таны- лып отыр. Акпараттық технологиялар жстістіктерін сот қызметіне енгі- зу және қолдану жөніндегі жүмыстар одан әрі жалғастырылуда. 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық түрде 105 496 қүжат түсті, соның ішінде 85 696 талап арыз, бұл 2013 жылға қарағанда 5 есе артық. Сот төрелігі жүйесін дамыту сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, дауларды сотқа дейінгі реттеу тәжірибесін жақсартуға, заңнама- ны жаңғыртуға, соттан тыс тетіктерді қолдануды кеңейтуге ба- 58

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==