Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

- сот билігін сот ісін жүргізудің барлық соттар үшін занда белгіленген бірыңғай формасында жүзеге асырумен; - Қазақстан Республикасының күшіндегі қүқығып барлық соттардың қолдануымен; - судьялардың бірыңғай мәртебесін заңда бекітумен; - Қазақстанның барлық аумағында заңды күшіне енген сот актілерін орындаудың міндеттілігімен; - барлық сотгарды тек республикалық бюджеттен қаржы- ландырумен қамтамасыз етіледі. Сот жүйесін республиканың Конституциясы мен консти- туциялық заңы анықтайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне Жоғарғы Сот, жергілікті және басқа соттар кіреді. Конс- титуцияда және конституциялық заңда көрсетілген соттар басқа- дай соттар қүруға қатаң тыйым салынған. Оң бағыттың бірі - сот жүйесін мамандандыру, ол әділ де дә- лелді шешімдер шығаруға жағдай тудырады. Елде қазір экономи- калық, әкімшілік соттар, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша және баска соттар жүмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 та- мызда№158 жарлығымен Алматы қаласында мамандандырылған қаржы соты құрылып, ол облыстық сотқа теңестірілген болатын. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығына қатысушылардың аза- маттық-қүкықтық дауларын қарауға уәкілеттілік бсрілген. Қазақстан Республикасы Президентінін 2009 жылғы 29 жел- тоқсандағы жарлығымен барлық аймақтарда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралык соттар, сондай-ақ Ал ­ маты қаласында кылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сот күрылды. Сот ісін жүргізуді оңтайландыру, қадағалау инстанцияларын азайту, аудандық соттардың тәуелсіздігін нығайтып, рөлін едәуір кенейту мақсатында 2009 жылы 10 жслтоқсанда «Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Азаматтық іс-жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толық- тырулар енгізу туралы» Заң кабылданған болатын. Енді 2015 жыл- дың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда төрт жаңа кодекс - қылмыс- тық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстык атқару кодексі және әкімшілік күқық бүзушылық туралы кодекстері күшіне енді. 57

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==