Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
4-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ 4.1. Сот жүйесі: ұғымы және оның салалары Сот жүйесі дегеніміз - Қазақстан Республикасының аума- ғында әрекет ететін, ортақ міндеті бар, біртұтас демократиялық принципте үйымдастырылған және жүмыс істейтін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қатынастармен өзара байланысты барлық соттардың жиынтығы. Жүйе, ол - белгілі бір өзара байланыстағы, өзара тәуелділіктегі элементтер жиынтығы. Сот жүйесінің қүры- лымы нормативтік қүқықтық актілерде бекімін тапқан. «Сот» - сот билігінің органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқа болып немесе жеке дара қарайтын, кез келген заңды құрылған сот. Судьялар жүмыс істейтін мекеме де, соттың құрамы да, сот талқысының өзі де «сот» деп үғыны- лады. «Сот» үғымы соттардың қүрылымдык бөлімшелерін: сот алқасын, пленарлық отырысты да қамтиды. Әр сотгың юрисдик- циясы (тиісті органдардың қүқықтық мәселелерді шешуге өкілет- тіктерінің жиынтығы) белгілі бір аумаққа немесе қүрылымдық бөліністерге (әскери округ, гарнизон) таралады. Соттың юрис- дикциясы республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісімен әр уа- қытта бірдей сәйкес бола бермейді. Эр сот органында өзіне ғана берілген өкілеттік болады. «Судья» - сот билігін таратушы; заңда белгіленген тәртіпте осы лауазымға тағайындалған немесе сайланған кәсіпкер судья (сот төрағасы, сот жюриінің төрағасы, сот мүшесі немесе тиісті соттың басқа судьясы). Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі: - барлық соттар мен судьялар үпіін сот төрелігінің Конс- титуцияда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық занда, іс жүргізушілік және өзге де зандарда белгіленген прин- циптерінің ортақтығымен және бірлігімен; 56
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==