Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
нымен қатар, процестің сотқа дейінгі кезеңінде сот шешетін, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне келтірілген шағымдар қаралады. Бұл шектеулер республика Конституциясының 18-бабында көзделген ережені нақтылайды, онда: «Әркімнің жеке өміріне қол сүғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» делінген. Сонымен қатар, бұл шектеу- ге карамастан соттың үкімі мен қаулысы барлық жағдайларда да ашық жарияланады.) Ана тілді пайдалану куқыгын қамтамасыз ету принципі Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда, мемлексттік тілмен қатар, орыс және баска тіл- дерде жүргізіледі деген конституциялық ереже негізделген. Бір іс бойынша іс жүргізу сот процесін жүргізуші органның қаулысын- да белгіленген бір тілде жүзеге асырылады. Іске қатысушы, іс жүргізіліп жатқан тілді игермеген немесе нашар игерген адамдарға арыз беруге, түсініктеме және айғақ бе- руге, өтініш мәлімдеуге, шағым келтіруге, іс материалдарымен танысуға, сотта өз тілінде немесе басқа тілде сөйлеуге, аударма- іпының қызметін тегін пайдалануға құқығы бар екендігі түсінді- ріледі. Сонымен қатар, істің басқа тілде баяндалған материалда- ры оған сот жүргізіліп жатқан тілге тегін аударылып бсрілсді. Сот қүжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар игерген басқа тілге аударылып тапсьтрылады. Адамның ар-намысы мен абыройын қоргау принципі Казак- стан Республикасы Конституциясының 17, 18, 34-баптарында бе- кімін тапқан, онда «адамның қадір-қасиетіне қол сүғылмайды» делінген. Сот ісін жүргізу барысында процеске қатысупіы адам- дардың ар-намысын қарайтын, абыройын төгетін әрекеттер мен шешімдерге тыйым салынған, жеке өмірге қатысты мәліметтер- де, оның ішінде адам заңда көзделмеген мақсаттар үшін құпияда сақтауды қажет деп тапқап оның жеке басына қатысты мәлімет- тер жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды, әркімнің өз ар-намысын, абыройын қор- ғауға құқығы бар, әркім басқа адамдардың құқығын, бостанды- ғын, ар-намысы мен абыройын құрметтеуге міндетті. 54
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==