Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

делуге тиіс емес, ол шынайы дәлелдердің жеткілікті жиынтығы- нан туындайды. Презумпция сөзі дәлелдеуді керек етпейтін болжамды білді- реді. Кінәсіздік презумпциясы судьяның, тергеушінің, прокурор- дың жеке пікірін білдірмейді. Ол объективтік қүқықтық күй, адам әуел бастан-ақ кінәсіз, оған өз кінәсін дәлелдеу немесе растау ка ­ жет емес, кінәсіздік оның бойындағы қасиет. Сонымен қатар кі- нәсіздік презумпциясын теріске шығаруға болады: адамды кінә- сіз деген болжам шын және нақты дәлелдермен занда белгіленген тәртіпте оның қылмыс жасаған кінәсі сот үкімінде аныкталғанға дейін ғана күшінде болады. Кінәсіздік презумпциясы принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1 -тармақшасында жә- не ҚР ҚПК-нің 19-бабында баяндалған, оларда кінәсіздік презу- мпциясының басты идеясы: айыпты деп тануға тек сот қүқылы және ол сезіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сондай-ақ өзіне қатысты үкім заңды күшіне енбеген сотталғанға таралады деп көрсетілген. Кінәсіздік презумпциясы принципін сақтау іс жүргі- зу заңында шешілуге жататын тікелей міндеттермен - қылмыстық жағдайға душар болған адамның құқықтарын сенімді қорғаумен тығыз байланысты. Кінәсіздік презумпциясы айыпталушыға жа- зықсыз кінәленіп, жауапқа тартылып кетпеуіне кепілдік болады, оны сот ісін жүргізу кезінде дәл және бүлжытпай сақтау керек. Тараптардың бәсекелестік жэне тең құқьіқтылық прин ­ ципа бойынша іс сотта қаралғанда айыптау функциясы қорғау функциясы мен істі шешу функциясынан бөлінеді. ҚР ҚПК-нің 23-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу айыптау мен қорғау тараптарының бәсекелестігі мен тең қүқықтылығы принципінің негізінде жүзеге асырылады делінген, ол қылмыс- тық-іс жүргізу қатынастарының өрісіне түскен азаматтардың қү- қықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына және қамтамасыз етілуіне кепілдік болады. Бұл принципті ұстаудағы маңызды мэ- селелердің бірі - тараптардың тендігін, процеске қатысушылар- дың белгілі бір позициясына негіз болатын мән-жайларды дәлел- деудің әдістері мен қүралдарының теңдігін қамтамасыз ету. Сот тараптарға ешкімге тәуелсіз тандап алған өз позицияларын қор- ғауға тендей мүмкіндік тудыруға тиіс. Тараптардың біреуінің қү- қығына нұксан кеһтірген судья объективті емес. 52

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==