Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
сот алдында жұрттың бәрінің тендігі принципінің мәніне қайпіы келмейді. Парламент депутаттарын, Конституциялық кеңестің Тө- рағасы мен мүшелерін, судьяларды, Бас прокурорды қылмыстық жауапқа тартудың айрықша тәртібі қылмыстык сот ісін жүргізу ба- рысында бұл адамдарға қандай да бір артықшылық бермейді, бірақ оларға қатысты зандылықтың бұзылуына тосқауыл және олардың өз өкілдіктерін жүзеге асыруына кепілдік болады. Әркімнің comma крргалу қу қыгын қамтамасыз ету прин цип республика Конституциясының 13-бабында бекімін тапқан, ол әркімнің күкықтары мен бостандығының сотта қорғалуына қүқылы екендігін жариялайды. Жеке дара жәнс жалпы нормативтік сипаттағы актілерге, ұжымдық және жеке адамның шешімдері мен әрекеттеріне (әре- кетсіздігіне) шағымдануға болады. Заңға сәйкес азамат органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзып жасаған шешімдері мен әрекеттеріне белгіленген тәртіпте сотқа шағына алады. Мемле- кет кылмыстан жәбірленгендерге де сот төрелігіне жол ашқан. Заңда кылмыстан немесе есі дұрыс еместің Қылмыстық кодексте тыйым салынған іс-әрекетінен келген моральдық және мүліктік шығынды қылмыстық процесте азаматтық талапты қарау арқылы жәбірленушіге өндіріп беру жаты да карастырылған. Барлык соттарда және сот ісін жүргізудің кез келген сатысын- да азаматтардың білікті заңдык көмек алуға күқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заңдык көмек тегін көрсетіледі. Істің қыс- қаруы жақсы атағына кір келтіретін, қүқығын бүзатын болса, он- да онымен келіспеген сезікті, айыпталушы (айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның туысы) өзін толық ақтап алғанға дейін іс- тің сотта қаралуын талап етс алады. Қылмыстық іс жүргізуші ор ган, мысалы сот, егер негіз болса, сезіктіні, айыпталушыны заң- дық көмекке ақы төлеуден толықтай не жарым-жартылай босата алады. Бүл жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы мемлекет есебінен төленеді. Кінэсіздік презумпциясы принципі бойынша адамның қыл- мыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіпте дәлелденбе- йінше және заңды күшіне енген сот үкімімен анықталмайынша ол кінәлі деп танылмайды, ешкім өзінің кінәлі екендігін дәлелдеуге міндетті емес; айыпталушының кінәлігі жайындағы шешімі жок күдік оның пайдасына жатады; айыптау үкімі болжамдарға негіз- 51
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==