Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

мократиялық, қүқықтық мемлекеттің негізге алынатын идеяла- ры мен ережелерінің жиынтығы, олар адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандығын Конституцияда, заңдарда бекіткен, оларда сот ісін жүргізугс қатысушылардың барлығы бұлжытпай сақтауға тиісті міндеттеу бар. Сот торелігін тек соттың жүзеге асыруы принципі деге- німіз - сот төрелігін жүзеге асыруға құқылы органдар шеңбсрінің Конституцияда қатаң шектелгендігін білдіреді, оның 75-бабының 1 -тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» делінген. Сот төрелігін жүзеге асыру ай- рықша қүқықтық режімде жүргізіледі, ол істер мен дауларды ше- шуде мемлекеттік қызметтің басқа ешқандай формасында жоқ ар- тықшылық береді. Бұл тәртіпте заңды және әділ шешім қабылдау үшін ең мол кепілдік бар. Сот өкілеттігін ешқандай басқа орган немесе адам иемдене алмайды. Сот өкілеттігін кім иемденсе де ол үшін занда жауапкершілік көзделген. Сот үкімінсіз және заңға сәйкес келмейінше кімді болса да қылмыс жасады деп айыптауға және қылмыстық жазаға тартуға болмайды. Іс бойынша үкімді немесе соттың басқадай шешімде- рін заңда көзделген тәртіпте тиісті сотгар ғана тексеріп, қайта ка ­ рай алады. Сот құзыреті, оның юрисдикциясының шектсрі, оның қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі заңда анықталған, оны өз бе- тінше өзгертуге болмайды. Қылмыстық істерді қарау үшін қандай да бір атпен төтенше немесе арнайы соттар қүруға жол берілмейді. Төтенше соттар- дың, басқа да заңсыз қүрылған соттардың үкімдерінде және басқа шешімдерінде заң күші болмайды, олар орындалуға жатпайды. Судьялардың тәуелсһдігі принципі - сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарты, іс бойынша шындықты анықтаудың маңызды кепілдігі болып табылады. Судьялар тәуелсіздігі Конс- титуциямен және заңмен қоргалған. Сот төрелігін жүзеге асыр- ғанда баска біреулердің араласуына және судья мен алқабилерге кандай да бір қысым жасауға жол берілмейді. Ондай әрексттер г заңмен қудаланады. Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рес ­ публика Конституциясында олар қандай да бір партияларға, кә- сіби одақтарға мүше болуға, оларды қолдауға тиіс емес деп кор- сетілген. Судья қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, 547-4 49

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==