Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

болып саналады. Сот төрелігінің принциптері заңдардың үстем- дігі, адам құқығы мен бостандығын қорғау сияқты жалпы қүқық- тық принциптермен байланысты. Сот төрелігінің жалпы принциптері мыналар: Заңдьиіық принципі - барлық қоғамдык өмірдің қалыпты жұ- мыс істеуінің өзегі, сондықтан оның барлық мемлекеттік орган- дардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне қатысы бар. Заңдылық біртұтас және ол қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері үшін бірдей міндетті. Заңдылық принципі - әмбебап жалпы қүқықтық принцип, оның мәнісі - барлык мемлекеттік жә- не мемлекеттік емес органдар мен мекемелердің, лауазымды және жеке адамдардың Конституцияның, заңдардың және оларға тиісті өзге нормативтік қүкықтық актілерді бүлжытпай орындауында. Заңдылық принципі қызметті жүзеге асырғанда барлық сот органдарының іргелі принципі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабының диспо- зициясында маңызды конституциялық принцип келтірілген, сот- ты адам мен азаматтың қүқығы мен бостандығына нұқсан келті- ретін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қолданбауын міндеттейді. Егер сот қолдануға жататын ондай заң немесе өзге нормативтік қүқықтық акт адамның және азаматтың Конститу- цияда көзделген қүқықтары мен бостандығына нүқсан келтіре- ді деп санаса, онда ол істің жүргізілуін тоқтата тұруға және бүл актіні конституциялық емес деп тану жөнінде Конституциялык кеңеске жүгінуге міндетті. Соттың іс бойынша заң бүзуына жол берілмейді, ол белгілен- ген жауапкершілікке алып келеді, заңсыз актілердің күші жойы- лып, олар бүзылады. Даулы құқықтық қатынастарды рсттейтін құкық нормалары болмаған жағдайда азаматтық істер бойынша сот үқсас қатынас- тарды реттейтін қүқық нормаларын қолданады, ал ондай норма- лар да болмаған рсттс дау заңдардың жалпы бастауы мен мәнде- ріне сүйеніп шешіледі. Егер тиісті мәселелерді соттың заң актіле- рімен немесе дау тараптарының келісімімен шешуі көзделсе, сот I бұл мәселелерді әділеттілік және ойға қонымдылық принциптері- не жүгініп шешуге тиіс. Баяндалғандарды қорыта келіп мынадай тұжырым жасауға болады: сот ісін ’ жүргізудегі заңдылық принципі дегеніміз - де- 48

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==