Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жүргізудің мазмұнын, мәнін және сипатын анықтайды. Айта кету керек, бұл құқықтық идеялар көбіне құқықтық қатынастарға қа- тысушыларға арналған талаптар турінде баяндалған, оларды рет- теудің маңызды аспабы болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда принциптердің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекімін тапқандығымен анықталады. Мысалы, Конституцияның 77-ба- бының 3-тармағына сәйкес судья занды қолданғанда мынадай принциптерді басшылыққа алады: - адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есеп- теледі; - бір қүқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыс- тық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; - өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз еш- кімнің өзгертуіне болмайды; - сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; - жауапкершілікті белгілейтін немесе күштейтін, азамат- тарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағ- дайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды; - айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; - ешкім өзіне-өзі, жүбайына (зайыбына) және заңмен бел- гіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни кызметшілер өздсріне сеніп, сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; - адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айып- талушының пайдасына қарастырылады; - заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың занды күші бол ­ майды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сот- талуға тиіс емес; - Қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол бе- рілмейді. Бұл принциптер Қазақстанның барлық соттары мен судьяла- ры үшін конституциялық және бірыңғай болып табылады. Сот төрелігінің принциптері жоғарыда аталған он принциппен ғана шектелмейді, олардың шеңбері кең және олар бірыңғай жүйе құ- райды. Барлық принциптер бірімен-бірі тығыз байланыста әрекет етеді және олардың әрқайсысы басқасын жүзегс асырудың кепілі 47

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==