Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

бірінші сатыда қарайтын болады. Осылайша мамандандырылған қүрамдағы судьялар үшін инвестициялық істер бойынша сатылар санын қыскартуға және істерді қарау сапасын жақсартуға жағдай жасалады. Республикамызда халықаралық қаржы орталығын Дубай ха- лықаралық қаржы орталығы (DIFC) үлгісінде құру инвесторларға бірқатар жеңілдіктерді ұсынып қана қоймай, қаржыларын сот ар- қылы тиімді қорғауға құқықтық кепілдіктер беруді кажет етед і 13 . 13 Акпарат көзі: http://egemen.kz/2015/06/19/66982 Мемлекетімізде сот ісін қарау заңнамалары одан әрі жетілді- рілуде. Таяуда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төреші- лік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толық- тырулар енгізу туралы Заң қабылданды. Аталған өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың, мем- лекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы қүқықтарын, бостандыктарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды одан әрі тиімді етуге оң ықпалын тигізетіні даусыз. Осы орай- да енгізілген өзгерістердің маңыздыларының бірі - Азаматтық істерді зкеңілдетілген іс мсүргізу тэртібімен қарау институ- тының енгізілуі. Осы аталған тәртіп бойынша азаматтық істер тараптарды сот отырысына шақырмай-ақ, олардың үсынған дә- лелдемелері және өзге де құжаттары негізінде қарайды. Бүл өз- герістің тиімділігі - тараптар арасында туындаған даудың кысқа мерзімде, азаматтарды сотқа шақырып әуре етпестен шешімін табуында. Аталған тәртіппен негізінен ақша өндіруге қатысты істер қа- ралады. Бірақ талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін 500 ай- лық есептік көрсеткіштен, ал кәсіпкерлер мен жеке түлғалар үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Сондай-ак талап кою бағасына қарамастан талапкер үсынған, жауаикердің ақша- лай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға немесе шарт бойын ­ ша берешекті растайтын құжаттарға негізделген істср де каралуға жатады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұдан былай соттардың ше- шімдеріне және қаулыларына сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдар және 45

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==