Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

олар барлық қажетті дәлелдемелерді анықтамаса және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге асырылмаған болар еді. Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойын- ша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері (қылмыстык істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі - жалпыға міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, үйғарым немесе істі караған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғам- дық үйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататындығын білдіреді. Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы жүзеге асырылады. Айырмашылық белгі- лерге, ең соңында, тек ерекше орган - сот (судья) жүзеге асыра- тын жатады. «Соттың ерекше өкілсттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен түлғалардың судья өкілеттігін немесе сот би- лігі функцияларын иеленуге қүқығы жоқ», - деп «Қазақстан Рес- публикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген. Аталған айырмашылық белгілерді ескере отырып, сот төрелі- гін соттың сот шешімдерінің зандылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін заңның талапта- ры мен онымен белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтау кезіндс азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау кызметін жү- зеге асыру ретінде айқындауға болады. 3.2. Сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі жетілдіру бағыттары Әр кезеңде әр елде өмір өз талабын туғызады. Қазіргі заман талаптарына сай келетін, тиімді, әділ, тез және халыққа қолже- тімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігі тууда. Бүгінгі жаһандану уақытында экономикалық байланыстардың нығаюы, дамушы елдер мен на- 43

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==