Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

кең мағыналы. Мысалы, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып, республика соттарының сот төрелігін жүргізуде завдылықты сақтауы мәселе- сін қарайды; сот практикасында зандарды қолдану мәселесі бо- йынша түсініктеме беретін нормативтік қаулы қабылдайды. Об- лыстық соттар сот статистикасын жүргізеді, сот практикасын зер- делейді, оны жинақтап қорытып, облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде завдылықты сақтауын қарайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары кылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін сот- тьщ бақылау функциясын кеңейту мәселесі қарастырылуда. Сот билігі сот төрелігінде іске асырылады және нақты істер- дің сот отырысында қаралуын, соттың тиісті шешім қабылдауын көздейді. Сонымен «сот торелігі» термині осы соттың құзыры- на жататын істерді сот отырысында талқылауды іс жүргізушілік тәртібінде жүзеге асыру және сот үкімдерін, шешімдерін, қаулы- ларын және т.б. орындаудан туындайтын мәселелерді шешу деп түсіну керек. Сот төрелігі қүқық корғау қызметінің адамдардың, мемлекет- тік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың ең елеулі құкықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға едәуір ықпал ететін функциясы. Сондықтан да сот төрелігін жүзсге асы ­ ру үшін адамзат ғасырлар бойы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау мақсатында әмбебап ережелер мен бап- тар ойластырды, қүрастырды. Бүл әділеттік, кайырымдылық, із- гілік құндылықтарына негізделген әмбебап ережелер сот төрелі- гінің принциптері деген атақ алды. Сот төрелігінің төмендегідей елеулі белгілері бар. Олар мы- надай: 1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган - сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі Қазақстан Республикасы Конституциясында және сот жүйесі туралы Конс- титуциялық занда айкыпдалған. Соттардың мәртебесінің өзгеше- лігі олардың үйымдастырылуының ерекпіелігіне байланысты; 2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында (ҚПК, АІЖК) белгі- ленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (қаулыларды, үкімдерді және баска да сот актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады; 41

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==