Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
3-тарау СОТ ТӨРЕЛІГІ: ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ 3.1. Сот төрелігі, оныц ұғымы Конституция мен соттар туралы Конституциялық Занда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелі- гін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әде- биетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларынан апіылады. Ав- торлардың көпшілігі сот төрелігін сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың матери- алдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау жәнс шепіу жөніндегі қызметі ретінде айкын- дайды. Осы анықтама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Консти- туциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конститу- циялык Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмү- нын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін белуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқы- зуға болады. Сот төрелігі - мемлекеттік қызметтің сот билігінің мазмұ- нын қүрайтын айрықша функциясы болып табылатын бағытта- рының бірі. Бүл соттардың азаматтық және қылмыстық істерді занда белгіленген тәртіпте сот отырысында қарап шешу арқылы жүзеге асыратын қызметі, яғни сот төрелігі іс жүргізу тәртібінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүргізу тәрті- бі, сондай-ақ сот қүрылымы мен судьялар мәртебесі Конститу- цияда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған «Сот жүйесі жә- не судьялар мәртебесі туралы» конституциялық занда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде анықталған. «Сот төрелігі» үғымы «сот билігі» үғымына жақын, бірақ олар өзара бірмағыналы емес. Сот билігі соттың көптеген әре- кеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда 40
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==