Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

сыз болуы үшін керек емес, баска биліктердің басынушылығын тыюға және жалпы жеке азаматтардың да, олардың бірлестікте- рі мен қауымының да қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға нақты мүмкіндік болуы үшін керек. Сот билігінің тәуелсіздігі мен дербсстігі оның жеке даралы- гымен тығыз байланысты. Сот жүйесі қандай да бір басқа мем- лекеттік құрылымға кірмейді, ол өзінің айрықша саласында жеке дара әрекет етеді. Оның мемлекеттік биліктің басқа тармактары- мен өзара әрекеттестігі судьялар тәуелсіздігіне кепілдік беретін заңдар шегінде жүзеге асырылады. Сонымен, сот билігіне біртүтас мемлекеттік биліктің Консти ­ туция бслгілеген тәуелсіз тармағы деп анықтама беруге болады, оны қүкықтық даулар мен істерді қарап шешуге, басқа да жүктел- ген міндеттерді шешуге заңда қүзырет берілген арнайы уәкілетті органдар (сот, судья) мемлекет атынан іске асырады, олардың ше- шімі республиканың барлық аумағында міндетті болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негіз- гі халықаралық стандарттар мен талаптар Б¥Ұ-ның бірқатар қү- жаттарында бекімін тапқан. Олар - Адам қүқығының жалпыға бірдей декларациясы (1948 ж.), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени күқықтар туралы халықаралык пакт, Азаматтық және са- яси қүқықтар туралы халықаралық пакт (1966 ж.), Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі принциптері (1985 ж.) және басқалар. Сонымен қатар, Қазақстан үшін міндетті күші жоқ халықа- ралық аспаптар да есепті керек етеді. Бүл - Еуропа кеңесі Ми- нистрлер Комитетінің судьялардың тәуелсіздігі, тиімділігі және рөлі туралы ұсынысы немесе Судьялардың халықаралық қауым- дастығы 1999 жылы Тайвань қаласында кабылдаған «Судьялар- дың жалпыға бірдей хартиясы» және Судьялардың Еуропиялық қауымдастығы 1993 жылы қабылдаған «Еуропа судьяларының хартиясы» және басқалар. Бақылау сурактары: 1. Қазакгың билер соты тарихынан не білесің? 2. Сот билігінің негізгі белгілері туралы нс айтуға болады? 3. Сот билігі кандай қағидаттарға негізделген? 39

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==