Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
айналдырды, қоғамды әлеумеітік тартыстардан қорғайды. Оған басқа органдар мен адамдардың іс-әрекеттері мен заң шығарушы және атқарушы биліктің іс-әрекеттері мен шешімдеріне белсенді эсер етудің, оларды «теңдестірудің» заңдық мүмкіндігін білдіре- тін сот билігі өкілеттіктерінің тұжырымды жаңа түрі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қа- зақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтык және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ен қым- бат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос- тандықтары. Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдас- тырылуы мен қызметін толығымен өзіне бағындырады. Демек, сот әділдігі принциптерінің өзімен сәйкес болуын талап етеді. Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қан- дай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды қүруға рұксат етілмейді. Сот билігінің конституциялық-құқыктық негіздері 1995 жы- лы 30 тамызда қабылданған Ата занда белгіленген. Республика- ның сот жүйесі республика Конституциясымен және конститу- циялық заңмен белгіленеді. Осы зандар бойынша қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының рес- публиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Судья сот тө- релігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Қоғам өмірін демократияландыруға бағдар алган мемлекет- тегі сот билігінің ажырамас белгісі оның тәуелсіздігі, дербестігі және жеке даралығы. Соттардың тэуелсіздігі дегеніміз, олар әділқазылық жасаған- да тек Конституция мен заңға бағынады, ол заң шығарушы және атқарушы билік органдарына, баска органдарға, үйымдарға, пар- тияларға қозғалыстарға, лауазымды адамдарға, сот процесіндегі тараптардың пікірлері мен позицияларына, алдын ала тергеу ор- гандары мен прокурордың түжырымдарына, жоғары тұрған сот- тарға тәуелді емес. Соттардың дербестігі оның өз өкілеттігін қандай да бір бас ка органдармен бөліспейтіндігінен көрініс табады, ал сот піешімі басқа біреудің рұқсатын немесе бекітуін керек етпейді. Сот билі- гінің дербестігі және тәуелсіздігі оның бақылаусыз және басқару- 38
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==