Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

дамуы күшті, тәуелсіз сот билігі және оның негізгі кепілдіктері- нің бірі мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасына байла- нысты. Ата заңға енгізілген өзгерістер сот жүйесін жетілдіруде ерек- ше мәнге ие болады. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың кұқықтық-демократиялық мемлекет орнатуға жасалған нық қадам екендігін байқаймыз. Сондай басымдықтар- дың бірі - сот жүйесін озық үлгідегі әлемдік талаптарға сәйкес жетілдіру. Реформата сәйкес Жоғаргы Сот Кеңесінің ролі күшейтілді. Республикадағы барлық судьялар бірдей мәргебеге ие болып, барлығы бір тәртіп бойынша тағайындалды. Жоғарғы Сот Кеңесі консультативтік үйымнан жске, тәуелсіз органға айналды. Конс- титуциядан Жоғарғы Сот Кеңесінің қүрамын реттейтін баптар алынып тасталып, бүл мәселелер заңның негізінде анықталады. Сонымен қатар конституциялық өзгерістерге сәйкес азаматтар- дың конституциялық күқығын қорғауға кепілдік беретін маңызды мәселенің бірі - қамауға алуға санкция беретін сот жүйесі енгізіл- ді. Бүл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен жүзеге асыры- лып, әрі ол әділ шешім кабылдауға жол ашады. Бүл енгізілген то- лықтыруды принциптік түрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады. Өйткені Қазақстан Республикасы азаматтық және саяси қүқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауға сәйкес, осы мәсе- леге қатысты бүкіл әлемдік тәжірбиеге қосылғандығын көрсетті. Ата заңның жаңа нұсқасына сәйкес Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын елдердің қатарына косылды. Бұл мемлекет тарапы- нан қылмыстық саясатты гуманизациялауға сәйкес жасап отыр- ған қадамдарының бірі. Өлім жазасын қолдануға байланысты заңнама шектеулер жасау тұрғысында дамып отырды. 2003 жи ­ лы өлім жазасын орындауға байланысты мораторий жарияланды. Қоғамдық пікірдің өлім жазасын қолдануға тыйым салуға қарсы болуына қарамастан, енді өлім жазасы тек терроризм салдары- нан адам өліміне алып келетін қылмыста және сотые жатдайында қолданылатын болды. Сонымен сот билігі мемлекеттік басқаруда маңызды функ- цияны жүзеге асырады. Соттың міндеті - адамның және азамат- тың қүқықтары мен бостандықтарын қоргау. Осы функциясы аясында сот билій өзге билік тармақтарымен өзара әрекеттестік 36

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==