Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
4. Мемлекеттік орган ретінде сотта өктем өкілеттік бар. Ол соттың талаптары мен өкімдерінің республиканың бүкіл аума- ғында барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адам- дар және азаматтар үшін міндетті екендігін білдіреді. Соттың заңды күшіне енген үкімі, шешімі немесе қаулысы онда көрсетілген міндеттеуге де, сот анықтаған мән-жайларға да қатысты алғанда барлығы үшін міндетті. Сот шешімін ешкімнің бүрмалауына, даттауға, оның орындалуына кедергі жасауға қүқы- ғы жоқ. Сот шешімімен келіспеу және оған жоғары түрған сотқа шағым (наразылық) кел гіру заңда белгіленген тәртіпте іске асы- рылады. Сот шешімі орындалмаған жағдайда оны орындаушы органдар шешімнің іске асырылуы үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға қүқылы. Заңды күшіне енген сот қаулысын қасақана орындамау және де оны азаматтардың, билік өкілдерінің орын- дауына кедергі келтіру қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. 2.3. Сот билігінің конституциялық - қүқықтық негіздері Қазакстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дсйін- гі кезеңге арналған құқықтық саясат түжырымдамасында елде- гі заңдылық тәртіпті және қүкықтык жүйенің түрақтылығын да, сонымен бірге колданыстағы Конституция шеңберінде үлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы бы- лай айтылған: «Ұлттық қүқыктық жүйенің нсгізі конституциялық қүқық болып табылады. Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижссінде слеулі түрдс жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптері мен нормаларына сүйенеді. Біздің мемлекетіміздін Конституциясын- да бекітілген республика қызметінің түбегейлі принциптерін сақ- тау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз стугс мүмкіндік бсрсді». Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде сот билігі өте ма- ңызды орынды алады. Сот билігі адамдар мен үйымдардың заң- ды мүдделері мен еркіндіктерін, Конституцияның, заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сот билігі жазалап қана қоймай, ең алдымен адамдардың қүқықтары мен еркіндіктерін қорғайды. Осы ерекше мәртебе мемлекеттің қажеттіліктерге сай қамқорлы- ғы мен беделінің жоғарылауын көрсетеді. Қүқықтык мемлекеттің 35
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==