Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Бірінші белгі - бұл билік конституциялық бекітілген біртү- тас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған бай- ланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды. Екінші белгі - сот билігінің тек арнайы мемлекеттік орган- дарға - Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі. Үшінші белгі - оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен кұрылатын арнайы мемлекеттік органдарда қүруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреітерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін үйымдастырушылық, функ- ционалдық және қаржылық дербестікке ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі. Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Казак- стан Республикасының Парламентіне, Қазаксган Республика- сының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсалюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Ка ­ захстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң акті- лерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімде- рін тек сот күші жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді. Төртінші белгі - бүл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы: Қазақстан Республикасының атынан үкімдер мен сот- тардың өзге де шешімдерін жария ету. Бесінші белгі - сот төрелігі, яғни қүкықтық даулар мен істерді қарауға байланысты жүзеге асыру. Алтыншы белгі - осы билікті Конституция, зандар, өзге де нормативтік қүқықтық актілер, республика халықаралық шартта- рының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, кызметгік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдар- да қарамайды және шешпейді. Жетіниіі белгі - осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қа- тысу). Сегізінші белгі - осы биліктің кұқық қорғау сипаты, қызме- тінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен 547-3 33

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==