Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұна- ды, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсат- тан ада болуға, заң мен қүқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғауға кепілдікті күшейту және сот процедураларын оңайлату мақса- тында 2008 жылдың 17 қарашасында «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға өзгертулер мен қосым- шалар енгізу туралы» Конституциялық заң қабылданды. Барлық істер, азаматтық істер де, қылмыстық істер де бірінші инстанция соттарында - аудандық, қалалық соттарда қаралады. Облыстық сотта апелляциялық және кассациялық инстанция- лар белгіленген болатын. Бүрынғы апелляцияға қарағанда облыс- тық сот бірінші инстанция сотының қүқықтарын толықтай алып - істің мән-жайларыи толық зерттеп, шешім немесе үкім шығаратын болды. Апелляциялық инстанция істі бірінші инстанция сотына қайта қарауға жібермейтін болды, себебі оған бірінші инстанция сотының қүқықтары берілгенді. Соған байланысты азаматтардың істі жоғары түрған соттың алкалық құрамда қарауына құқығы бар, апелляциядан кейін «кассациялық» деп аталатын сот инстанциясы іске араласатын болды, ол бірінші инстанция сотының да, апелля- циялық соттың да шешімін немесе үкімін тексеру қүқығы берілген. Жоғарғы сот істі қадағалау тәртібінде қарап, ол материалдық не іс жүргізу құқығының нормалары бұзылған жағдайда ғана шешімді бүзып, өзгертіп немесе жаңа шешім қабылдайтын болды. Соттар, сот билігінің органы ретінде құқық қорғау және құ- қық қолдану қызметінің субъектісі болып табылады. М.В. Баглай сотты адамдардың қүқықтары мен бостандық- тарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде рөлін корсете отырып, «Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, ха- лық бостандығының басты кепілі бола бастады» деге н 11 . 11 Баглай М.В. конституционное право Российской федерации. - М., 1998.-612-613 6. Қ.Ә. Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді: 32
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==