Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын бар- лык істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімде- рінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазакстан аума- ғында міндетті күші болады. Қазакстандағы сот билігі біртүтас мемлекеттік биліктің дер- бес тармағы деген қағидатты біршама оқырмандар әртүрлі түсі- неді. Шынында Конституция мен заңдар негізінде биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс- қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы үшін белгілен- ген. Ол, бәрінен бүрын, өзінің көзі жағынан біртүтас. Мемлекеттік биліктің көзі болып табылатын халықтың біртү- тастығы және бөлінбейтіндігі биліктің бұл көрсетілген тармақта- рын қатарласып және біріне-бірі тәуелсіз әрекет етуге мүмкіндік бермейді. Бүдан жүз жыл бүрын Г.Ф. Шершенсвич бүларды би- ліктің дербес үш тармағы емес, «біртүтас, бөлінбейтін мемлекет- тік биліктің көрініс табуының үш формасы ғана» деген болатын 8 . Бүл жағдайда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бүл бір- түтас, бөлінбейтін мемлекеттік биліктің көрініс табу формалары ретінде қарастырылады. Билікті бөлісу принципі өкілеттіктерді іске асыру саласында үш биліктің де дербес екендігін білдіреді, олардың әрқайсылары- ның тежемелік және тепе-тендік жүйесінде өз жауапкершіліктері мен өз мүмкіндіктері бар. Кенестік режім кезінде саяси да, заң шығарушылық та, ғылыми да лексиконда «сот билігі» деген тер ­ мин мүлде болмаған. Бүл ұғым жаңа, ол тек 90-жылдардың басы- нан айналымға енді. Сонымен қазіргі кезде сот билігі биліктің үш тәуелсіз тармак- тарының бірі, ол Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асы- рылады, оның міндеті - азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін корғау, Конституцияның, заңдардың, өзге нормативтік күқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып санала- тын сот билігі мемлекеттің арнайы органдары - Қазакстанның сот жүйесіне кіретін соттарға берілген. ____________________ t 8 Шершеневич Г.Ф. Общее учение о праве и государстве: Лекции. -М.: Типография. - Т-ва И.Д.Сытина, 1911. - С.34 30

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==