Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

1923 жылғы 11 сәуірде құрылған РСФСР Жоғарғы Соты Қыр- ғыз (Қазақ) бөлімінің алғашқы Төрағасы болып 1921 жылдың қазан айынан Жоғарғы Революциялық трибуналдың Төрағасы қызметін атқарып келген Нығмет Нүрмақов тағайындалды. 1923 жылғы Жоғарғы Соттың құрамында 52 штаттық орын болған. Бі- рақ сот кадрларының жетіспеуінен үзын саны 29 адам ғана нақты қызмет атқарған. 1924 жылдың 1 наурызынан бастап РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төрағасы болып Тілеужан Мұқашсв тағайындалған. Т.Мұқашев Қазақстандағы сот, прокуратура ici - не еңбегі сіңген заңгер еді. Т.Мұқашевтің жыл қорытындысында жасаған баяндамасына назар аударсақ - 1924 жылы қазіргі Қазақ- стан территориясында Акмола, Семей, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниясы және Адай уезі болған. Одан кейін Жетісу, Сырдария губерниялары және Қарақалпақ Автономиялық облысы қосылған. Осыншама ұлан-ғайыр аймақтағы барлық сот- тармен етене жұмыс жасау Жоғарғы Соттың Қазақ бөліміне жүк- телген. Қазақстан үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік қүрылым жүйелерінде ішінара өзгерістер, террито- риялық баскаруда бірігулер жүріп жатты. Ең маңыздысы патша- лық дәуірден жаңсақ аталып келе жатқан ұлтымыздың төл атауы - «Қазақ» сөзі өз орнын тапты. Бүдан былай «Қырғыз» атауы қол- данылмайтын болды. Сонымен қатар, бұрын Ресейдің басқару билігімен қазақ халкы екігс бөлініп, оңтүстік облыстар Түркістан өлкесіне (республикасына) қарап келген еді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария облыстары Қазақ АССР-нің құрамына енді. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінде азаматтық істер жө- ніндегі сот алқасының құрылуына айтарлықтай үлес қосып, тиіс- ті мемлекеттік аткару орындарынан талап етуде Жоғарғы Сот- тын Қазақ бөлімінің Төрағасы Мырзағұл Атаниязовтың сіңірген еңбегі зор. Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімі өзіне тән жүйесі мен қүрылымын бір арнаға түсірген кезі 1926 жылмен шектеледі. Ке- ңестік социалистік заңдардың бағыт-бағдарына сүйеніп іс жүр- гізген соттар 1926 жылдан 1936 жылдар аралығында кеңестік социализм күру жолындағы коммунистік қоғамға лайықты заң- дарды міндеттілікпен орындады, соған лайықты сот шешімдерін шығарып отырды. 26

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==