Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Іс жүргізу әрекеттері - кодекске сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін іс-әрекеттер. Мемлекеттік баж - уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және қүжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі. Халықаралық келісімшарт - оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін занды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралы анық көрсетілген келісім. Хаттама - қылмыстық процесті жүргізуші орган жасаған іс жүргізу әрекеті көрсетілетін іс жүргізу құжаты. Шағым, наразылық - процеске қатысушылардың анықтау, ал- дын ала тергеу, прокурор немесе соттың іс-әрекетіне өздерінің құзыреті шегінде және кодексте белгіленген тәртіппен енгізілген көңіл аудару актісі; Экстремизм - саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралык араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді түрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бүрушылық. Электорат - халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органда- рына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге қүқығы бар адамдар тобы. Этнос - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы. 266
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==