Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Сот билігі - құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. Өкілдер - заңнын немесе келісімнің күшіне орай жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін білдіруге уәкілдік берілген адамдар. Өсіру - құқық қорғау жүйесіндегі жоғары түрған лауазымға орна- ласу. Ротация - қүқық қорғау органының құрылымдық және аумақтық және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінің, мекемелерінің, қүқық қорғау органы ведомстволарының басшы- ларын және олардың орынбасарларын қүқық қорғау органында лауазымдық ауыстыру. Тараптар - сот талқылауында бәсекелестік пен тең құқықтылық негізінде айыптауды (қылмыстық ізге түсуді) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Тәртіптік жаза - қүқық қорғау органының қызметкеріне қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы. Тәртіптік жауапкершілік - тәртіптік теріс қылық, сондай- ақ әкімшілік құқық бүзушылық жасағаны үшін Казахстан Республикасының зандарында көзделген жағдайлардағы қызметкерлер көтеретін зандық жауапкершілік түрі. Тәртіптік теріс қылық - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді қүқыққа қайшы аткару кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) не ар-намыс кодекстерін (қүқық қорғау органдарындағы колданыстағы қызмет этикасы ережелері) бүзуы, тәртіптік ретпен жазалана- тын сыбайлас жемқорлықпен құқык бүзушылық жасауы, сол сияқты күқық қорғау қызметінде болуға байланысты осы Зацда белгіленген шектеулерді сақтамауы. Тікелей басшы - қызметкер тікелей бағынатын, жоғары басшы. Толерантгық - басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық корсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой- пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді. Туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар. Түнгі уақыт -з жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі уакыт аралығы. 264

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==