Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
XVI ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деген заң жарлығы (1511 - 1523 жылдары билік қүрған), Есім хан (1598 - 1628 жылдар аралығында билік құрған) жарлық еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналды. Ғасырдан-ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі қүқықтық әдет-ғұрып, заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, «хан біткеннің қазығы болған» XVII-XVII1 ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680-1717 жылдар аралығында билік кұрған) «Жеті Жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болды. Сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, үлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз кү- шін жоймай, дәстүрлі қазақ заң кұкықтарының нормалық жиын- тығы болып келген еді. Жаңа социал истік қоғам үстемдік қүрған 1917-1922 жылдар аралығында билер соты талай марте айтыс- тартысқа түсіп, «ескіліктің қалдығы» есебінде үлттық, мемлекет- тік маңызын жоюға әкеп соқты. 1922 жылдың соңы кеңестер еліндегі барлық республика- лар үшін үлкен жаңалық әкелді. Яғни осы жылдың 31 желтоқ- саны күні одақтас республикалар күрылып, Советтік Социалис та Республикалар Одағының салтанат қүрған датасы тарихи қү- жат болып бекіді. Осы негізбен барлық Одақтас республикалар мемлекеттік мәртебелерін белгілеп, қайта қүрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негі- зіне сай кайта жүйелеп, бекітті. Сот қүрылымдары да Бүкілодақ- тық Атқару комитетінде қаралып, бір жүйеге түсірілді. Төменгі сатыдан алып қарағанда халык соттары негізгі сот қүрылымы деп танылды. Одан кейін губерниялық соттар түрды. Әрбір одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, КСРО Жоғарғы Со- тына мәлімет беріп, бір орталыққа бағынған заңдылық негізінде сот ісін жүргізуді үрдіске айналдырды. Сөйтігі, КСРО-дағы бар- лык сот жүйесі одақтық маңызға ие болды. 1923 жылдың алғашкы айларында барлық одактас республи- каларда Жоғарғы Сот күру туралы Бүкілодақтық Атқару коми- тетінің нүскаулары шықты. Сонымен, БОАК-тың (ВЦИК) 1923 жылдың 11 сәуірі күнгі қаулысымен РСФСР қүрамында Қырғыз (Қазақ) бөлімінің Жоғарғы Соты қүрылды. 25
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==