Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
ГЛОСАРИЙ (терминдер түсінігі) Акықтау - анықтау органдарының кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын аныктау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны. Алдын ала тергеу - уәкілетті органдардың кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу ны саны. Алқаби - соттың қылмыстық істі кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селкос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайла- ушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады. Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мүнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі. Адам құқықтары-белгілі бір игілік алуды,өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Азаматтық қоғам -жекс тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастыктар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бүл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құкыктары сақталады. Альянс - ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Антисемитизм - еврейлерге қарсы бағытталған, оларды кудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі. Апартеид - нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау қүқығынан, айыру, бірдей еңбекке томен ақы төлеу, көшіп- қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді. 256
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==