Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
тік кеңесші; генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші; жоғары сыныпты мемлекеттік кеңесші. Арнаулы атақтар немесе сыныптық тендер қызметкерлерге біліктілігі, білімі, қызметке қатысы, еңбек сіңірген жылдары жә- не атқаратын штаттық лауазымы ескеріле отырып, реттілік тәрті- бімен дербес беріледі. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан тиісті септікте, олардың қайсысына қатыс- тылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады: Қызметте болу- дың шекті жасына жеткен немесе зейнетақыға құқық беретін ең- бек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан «отставкадағы» деген сөз қосылады. Құкық қорғау органдарында бұрын қызмет атқарған адамдар қызметке жаңадан қабылданған (оқуға түскен), сондай-ақ басқа құкық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібімен қабылдан- ған кезде өздерінде бар арнаулы атакпен немесе сыныптық шен- мен лауазымға тағайындалады (окуға қабылданады). Құқық қорғау органдарында қызметте болу мынадай жаспен шектеледі: 1) майорға дейінгілер, кіші кеңесшіні қоса алғанда - қырық бес жаска; 2) подполковниктер, кеңесшілер - қырык жеті жасқа; 3) полковниктер, аға кеңесшілер - елу үш жасқа; 4) жоғары басшы құрамдағы адамдар елу сегіз жасқа дейін бола алады. Құқық қорғау органының лауазымдарға тағайындау кұқы- ғы берілген басшысы немесе уәкілетті басшысы жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және денсаулык жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге, олардың келісімімен, қызмет мерзімін бес жыл- ға дейінгі мерзімге ұзарта алады. Бақылау сүрақіары: 1. Қүқық қорғау органдарының қызметі туралы қандай құқык актілер- де бекітілген? 2. Қызметті құкық қорғау органдарына жатқыза алу үшін қандай елеу- лі белгілер арқылы анықтауға болады? 3. Мемлекетте қандай органдарды қүкық қорғау органдарына жаткы- зуға болады? 23
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==