Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

тық; кұқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін уйым- дастыруға көзқарастың біртұтастығы; дара басшылық пен субор ­ динация (бағыныстылық) және саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу. Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегізге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады. Қуқык қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын үміткерлерді іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді құкык қорғау органдарының кадр бөлімшелері жүзеге асырады. Қүқық қорғау органдарына қызметке түру үміткерлсрді міндетті түрде тағылым- дамадан өткізе отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Құқық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы ку ­ рам лауазымдарына - жиырма бес жастан аспаған, орта және аға басшы қүрам лауазымдарына - отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар, сон- дай-ак Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалды- рылған азаматтар қабылданады. Қүқық қорғау қызметіне бірінші рет түрған адамдар үшін тиісті лауазымға тағайындала және оларға тәжірибелі қызметкер- лер арасынан тәлімгер бекітіле отырып, үш айға дейінгі сынак мсрзімі белгіленеді. Қүкық қорғау органдарына бірінші рет қыз- метке тұрғандарға, арнаулы атак немесе сыныптық шен беріледі. Қызметкерлерге мынадай арнаулы атақтар немесе сынып- тық шендер беріледі: 1) қатардағы құрам: қатардағы қызметкер; 2) кіші басшы қүрам: кіші сержант; сержант; аға сержант; старшина; 3) орта басшы құрам: кіші лейтенант; лейтенант, 3-сыныпты зацгер; ага лейтенант, 2-сыныпты зацгер; капитан, 1-сы- ныпты зацгер; 4) ага басшы курам: майор, кіші кеңесіпі; подполковник, ке- ңесші; полковник, ага кеңесші; 5) жогары бксшы курам: генерал-майор, 3-сыныпты мемле- кеттік кеңесші; генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекет- 22

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==