Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

1998 жылы 25 сәуірде нотариалдық кәсіппен айналысуға қүқық беретін алғашқы лицензиялар берілді. Нотариат жүйесі, бүрын әрекет еткен тәртіпке Караганда, атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейтін, заңға сәйкес тікелей және дербес қызмет ете- тін, өзін-өзі ретгейтін белгілі нотариалдық бірлестіктер аумағын- да өмір сүре бастады. 2000 жылдың 18 ақпанында өткен I қүрылтайшы съезде тер- риториалдық нотариаттық палаталардың қызметін республика- лық деңгейде реттеу үшін және жеке нотариус мамандығы мен кәсіби мүдделерді бүқаралық түрде өкілеттеу үшін Республика- льщ нотариаттьщ палатаны құру туралы шешім қабылдады. Нотариалдық палата жеке практикамен айналысатын нотариус- тардың қүқықтары мен занды мүдделерін білдіру және корғау үшін, сондай-ақ нотариалдық әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңның сакталуына бақылау жүргізу үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі каржыландыратын үйым. Республикалык нотариаттық палатаның кезекті съезі екі жыл- да бір рет шақырылады. Оның күзыретіне Республикалық но- тариаттық палатаның Жарғысын кабылдау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу; Палата Төрағасын, ревизиялық, мандаттық және өзге де комиссияларын сайлау, олардың өкілсттіктерін ток- тату, соның ішінде мерзімінен бүрын; нотариат бойынша арнайы бағдарламалар мен жобаларды бекіту және басқа да маңызды мэ- селелерді қарау жатады. Республикалық нотариаттык палатаны РНІІ Баскармасымен қатар торт жыл мерзімге сайланатын Рес ­ публикалык нотариаттык палатаның Төрағасы басқарады. Республикалық нотариаттык палата аумақтық нотариаттык палаталарды біріктіретін коммерциялық емес, кәсіби өзін-өзі кар ­ жыландыратын үйым болып табылады. Республикалык нотариаттык палата: - нотариаттык палата қызметін үйлестіруді жүзеге асыра- ды; - мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар- да, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда, нотариаттык палаталар мен нотариустардың мүдделеріне өкілдік етеді; - нотариат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы- ның Әділет министрлігінің заң жобалық және сараптама- лык қызметіне қатысады; 219

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==